«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстан, БАӘ, Египет және Грузияның іскер әйелдері ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады

2018 жылғы 03 Шілде
7535 просмотров

ҚР Мемлекеттік хатшысы Біріккен Араб Әмірліктері, Египет және Грузияның іске әйелдерімен кездесті

«Атамекен» алаңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың жетекшілігімен Ұлттық палата Іскер әйелдер кеңесінің өкілдері мен Біріккен Араб Әмірліктері, Египет және Грузия іскер әйелдері делегациясының кездесуі өтті.

«Биыл Қазақстан тәуелсіздігінің 27 жылдығы атап өтіледі. Егемендік алған алғашқы күннен бастап мемлекет әйелдерді қолдау мәселесіне айрықша назар аударып келеді. Қазақстанды БҰҰ-ның Атқарушы кеңесіне таңдап алуы және гендерлік теңдік және әйелдер мүмкіндігін ұлғайту бойынша даму стратегиясына қол қоюынан әлемде қазақстандық гендерлік саясатының табыстылығын мойындауды көре аламыз», – деп атап өтті ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова.

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қазақстанда экономикалық дамуға қатысты қарқынды жұмыс атқарылып отырғанына баса назар аударды.

«Қазақстан шағын және орта кәсіпкерліктегі әйелдерге ерекше назар аударып отыр, бүгінде компаниялардың 43% әйелдер басқарады және оларда жұмыс істейтіндердің басым көпшілігі қыз-келіншектер. Қазақстанда әйелдер қашанда белсенді. Мемлекеттік қызметкерлердің 50%-ынан астамы қыз-келіншектер, ҚР Парламентінің 27%-ы әйелдерден тұрады. Сондай-ақ денсаулық сақтау, мәдениет, білім беру саласында да еңбек етеді», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.

«Атамекен» ҚР ҰКП өз кезегінде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға жан-жақты қолдау көсретіп келеді. Бүгінде табысты бизнес ханымдардың басым көпшілігі Ұлттық палата жанындағы Іскер әйелдер кеңесіне мүше.

«Кәсіпорындардың 67%-ын әйелдер басқаратындықтан, Қазақстан осы көрсеткішпен үздік 5 мемлекеттің қатарында. Бұл Америка, Германия, Жапонияның көрсеткішінен жоғары. Қазақстан әйелдерінде бастапқы капитал болған әрі иелік етеді. Қазақтың этиникалық әйелдері әрдайым әкелері, күйеулері мен ағаларымен қатар серік болып жүрген. Себебі «жалғыз адам жау алмайды», – деп атап өтті «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова.

Биыл Ұлттық палата әйелдер кәсіпкерлігіне несие қаржысы бөлінген ауқымды жобаны жүзеге асырды.

«Бұл «Атамекен» арқылы шағын несиелеу. Еліміздегі ірі банктердің бірі 1 млрд теңгеге жуық қаржы бөлді, ал Еуразиялық топ кәсіпкерлікті дамытуға жыл соңына дейін 300 млн теңге қарастырған. Қазақстандағы әйелдердің сүйікті ісін бизнеске айналдыруға және табыс табуына зор мүмкіндіктері бар деп сеніммен айтуға болады», – деді Лаззат Рамазанова.

Кездесу аясында қыз-келіншектер өз елдеріндегі тәжірибемен бөлісті. Грузия Іскер әйелдер одағының президенті Екатерин Майсурадзе «Әйелдер кәсіпкерлігі және халықаралық әйелдер ұйымдарының үдемелі рөлі» туралы баяндады. Бұл тақырып тыңдаушылардың назарын ерекше аударды.

Біріккен Араб Әмірліктері Іскер әйелдер кеңесі делагациясының құрамында араб елінің бірінші дизайнері Мона Әл Мансури болды. Ол өз жұмыстарын ала келіп, колледжердің біріне экспозиция ретінде тапсырды. Мона Әл Мансури жас дизайнерлерге тәлімгер болып, сән әлеміне баулу және қолдау көрсету үшін Қазақстан колледжерімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

 

Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Елшісі Сухейль Матар әл-Кетби қолдау әйелдердің бизнестегі бастамасына ғана емес, шығармашылықта, саясатта және қоғамдық қозғалыста да көрсетілетінін айтты.

Кездесуде іскер тараптар әйелдер бизнесі қолайлы ортада дамуы керек, келешекте барлық мемлекеттің экономикасына бірдей қаржы пайдасын келтіретіндей болуы тиіс деген тоқтамға келді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер