«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Бизнеске тұрақтылық қажет» – ҚР Парламентінің депутаттары мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуы жайлы ой бөлісті

2018 жылғы 19 Маусым
6309 просмотров

Мемлекеттік дамыту бағдарламаларын жүзеге асыруда мемлекеттік органдарға тұрақтылықты сақтау керек, ал кәсіпкерлер тұтынушылар алдындағы жауапкершілігін арттыру тиіс

Осындай пікірді «Бастау» түлектері мен қатысушыларының форумында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Бижанова ортаға салды.

«Мәжіліс Ауыл шаруашылығы министрлігінің атына үш депутаттық сауал жолдады. Осы залда Министрліктің өкілдері бар ма? Сіздер саясатты жиі ауыстырумен, стартегияны өзгертумен айналысасыздар, бұл қазіргі жағдайда мүлдем қажет емес. Халық уәкілетті органның саясатына сеніп, несие алады, әсіресе ауыл шаруашылығы кооперативтері... Модульдік мал сою орындарын ашты, қаржы ұйымдары жобаларын мақұлдады, бірақ саясат өзгерген соң Ауыл шаурашылығы министрлігі субсидияны алып тастады. Бизнес тиімсіз болып қалмақ па?» – деп сауал тастады Гүлнар Бижанова.

Депутат мемлекеттік органдар азаматтардың сеніміне бағдарлануы тиіс екеніне сенімді.  Форум мінберінен мемлекеттік мекемелерді ұзақ мерзімді бағдарламаларды жүзеге асыруда тұрақтылықты сақтауға шақырған депутат ханым Үкіметтің бизнесті қолдауға, оның ішінде бақылау-қадағалау қызметін қысқарту бағытында атқарып отырған жұмысына баса назар аударды.

«Атамекеннің» белсенді жұмыс атқаруымен елімізде мемлекеттік органдардың функциясы айтарлықтай қысқарды. Кәсіпкерлік кодексін қабылдадық. Бақылау-қадағалау қызметін айтарлықтай қысқарттық. Сондықтан кәсіпкерлердің назарын ең алдымен мына нәрсеге аударғым келеді, олар халықтың өмірі мен женсаулығы үшін өз қызметінде әлеуметтік жауапкершілікті аттырулары қажет», – деп тұжырымдады депутат Гүлнар Бажкенова.

Форум барысында 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына енгізілген кейбір өзгертулер жайында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев баяндады.

Бірінші: Ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісін мен оның кепілдендірлген өткізу нарығын арттыру мақсатында ауыл шаруашылығындағы өңдеу өнеркәсібінің айналысында негізгі кооперацияны дамыту қарастырылады;

Екінші: Алушылар санын арттыру мақсатында шағын несие беру лимиті дифференцияланды – ауылдық жерде 6 миллионға дейін (бұл 2,5 мың АЕК), қалалар мен моноқалаларда 15,6 АЕК, яғни 19,2 млн теңгеге дейін;

Үшіншіден: Географияны кеңейту және микроқаржы ұйымдарының қолжетімділігін арттыру үшін кепілсіз негізде несие қаржысын беру қарастырылуда;

Төртіншіден: жаңа бизнесті ашу және кеңейту үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерді шағын несие алуға үміткерлер қатарынан алып тастау қарастырылып отыр, бірақ негізгі кооперацияларды дамыту жобалары алынбайды;

Бесіншіден: бизнес-процестерді оңтайландыру мақсатында кәсіпкерлік негіздерін оқитын үміткерлер үшін Халықты жұмыспен қамту орталықтарынан қағазға басып шығарылған жолдама беру алынып тасталады. Бұл тиісінше елімізде цифрландыру бағдарламасы аясында қолға алынған.

«2018 жылы бекітілген бюджетте шағын несиелеуді ұлғайтуға 42 миллиард теңге қарастырылған, оның ішінде 31 млрд теңге ауылдық жерге, 11 млрд теңге қалалар мен моноқалаларға арналған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен шағын несиелеуге қосымша 20 млрд теңге бөлінді. Мемлекеттің жаңадан қолға алған шаралары азаматтар үшін пайдалы болатынына сенімдіміз. Бұл үшін бізде әлеуетте, мүмкіндік те, кәсіппен айналысамын деген азаматтардың жалынды идеялары да, мемлекеттің тиісті механизмі де бар», – деп атап өтті Нариман Мұқышев.

Еске салсақ 2018 жылы «Бастау» жобасы аясында 30 мың адам кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алады. «Бастау» түлектері мен қатысушыларының форумы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының V Съезі қарсаңында өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер