«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Абылай Мырзахметов Шетелдік инвесторлар кеңесі мүшелігіне енді

2018 жылғы 06 Маусым
5770 просмотров

Мемлекет басшысы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жаңа мүшелерін таныстырды деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Жұмысқа кіріспес бұрын мен Сіздерге кеңестің жаңа мүшелерін таныстырып өтейін. Олар - «Эксон мобил продакшн» компаниясының Президенті Нил Даффин, «Еуразиялық даму банкінің» Басқарма төрағасы Андрей Бельянинов, «Philip Morris International» (PMI) компаниясының Шығыс Еуропа бойынша Президенті Марко Мариотти, «Марубени корпорейшон» компаниясы төрағасының орынбасары Шигеруа Ямазуя бар», – деді Нұрсұлтан Назарбаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 31-ші пленарлық отырысында

  «Кеңестің мүшелігіне сонымен қатар, Қазақстанның тарапынан «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов енді. Сонымен бірге, кеңеске мүшелікке ену туралы өзге де өтінімдер бар. Олардың бәрі де біз бекіткен тәртіп бойынша қаралады», – деді Президент.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер