«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Нарықты қорғау: ұлттық стандарттарды енгізу талқыланды

2018 жылғы 28 Мамыр
7878 просмотров

Ұлттыық кәсіпкерлер палатасы алаңында ұлттық стандарттар рөлін күшейту, оларды жоспарлау мен әзірлеу тәртібі талқыланды. Жиын «Атамекен» ҚР ҰКП Техникалық реттеу департаменті директорының міндетін атарушы Жазира Шүйкебаеваның жетекшілігімен өтті. Іс-шараға «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК және бизнес өкілдері қатысты.

Қазіргі таңда ұлттық стандарттардың маңызы артып келеді. Жазира Шүйкебаеваның айтуынша, бұл мемлекеттік сатып алулар заңнамасына енгізілген өзгертулермен байланысты, атап айтқанда ұлттық, олар болмаса мемлекетаралық стандарттарды қолдану арқылы өндірілетін тауар мен қызмет түрлеріне басымдық беру.

«Экономикалық интеграция және ЕАЭО мемлекеттердің арасында кедендік шекара болмағандықтан отандық тауар мен қызмет түрлерінен жоғары бәсекелестікке қабілеттілік, тұтынушылар сенімін арттыру талап етіледі. Біздің ойымызша осы және басқа да мәселелерді ұлттық стандарттарды қолдану арқылы шешуге болады», – деді Жазира Шүйкебаева.

 Жиын барысында бизнес өкілдерін сатндарттарды жобалау және әзірлеу тәртібі, қаржыландыру сұрақтары қызықтырды.

 «Қазақстан стандарттау институты стандарттарды жобалау және әзірлеу бойынша әдіснамалық көмек көрсетуге дайын. Стандарттарды қолдану арқылы нарықты қорғау мәселесінде стандарттарды әзірлеу бағыттарын сапалы анықтау мен жобалауға байланысты», – деді «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК бас директоры Искандер Хамитов.

 Оның айтуынша жуық арада стандарттарды әзірлеуді жобалау үдерісі автоматтандырылады. Қорытындылай келе Жазира Шүйкебаева бизнес өкілдерінен ұлттық стандарттарды әзірлеуді талап ететін салаларды анықтап және ұлттық мәртебеге көшіру қажет үкіметтік емес стаандарттар тізбесін беруді ұсынды.  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер