«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Астанада Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі қоғамдық қабылдаудың отырысы өтеді

2018 жылғы 31 Мамыр
5132 просмотров

«Атамекен» алаңында трансшекаралық нарықта бәсекелестікті сақтау мәселесіне қатысты кеңес беріледі

11 маусымда Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияны реттеу, бәсекелестік және тұтынушылар құқығын қорғау комитеті, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ықпалымен Еуразиялық экономикалық комиссия Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі алқа (министр) мүшесі Марат Құсайыновтың төрағалығымен Еуразиялық экономикалық комиссия Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі қоғамдық қабылдаудың көшпелі отырысы өтеді.

Қоғамдық қабылдаудың мақсаты – Одаққа мүше мемлекеттердің заңды және жеке тұлғалары, жеке кәсіпкерлер, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдарының ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блок қызметі туралы хабардарлығын және трансшекаралық нарықта бәскелестіктің ортақ ережесінің бұзылуына қатысты өтініш (материалдар) беру процедурасы туралы кеңес алуын арттыру.

Қоғамдық қабылдау отырысының бірінші бөлімінде Комиссия сарапшылары Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ нарығында бәсекелестікті қорғаудың құқықтық негіздерімен таныстырып, сауалдарға жауап береді.

Екінші бөлімде Комиссия өкілдері кәсіпкерлерді жеке қабылдап, трансшекаралық нарықта бәсекелестікке қарсы әрекеттің нәтижесінде құқық бұзылуына шағым беру тәртібі мен негізі туралы түсіндіреді.

Қоғамдық қабылдау жұмысының аясында өтінім берушілер Одақта қолданылатын бұзылуы тиіс емес және тыйым салынған құқық ережелері, туралы мәлімет алады, сондай-ақ трансшекаралық нарықта бәсекелестікке қарсы әрекеті нәтижесінде кәсіпкерлікте орын алған мәселелері айтылады.

Егер өтінім беруші қойған мәселе кеңес беру кезінде шешілмесе, Жоғары Еуразиялық экономикалық одақтың 2014 жылы 23 желтоқсанда №98 Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия тәртібінің нормасына сәйкес алдағы уақытта қарау үшін өтінім берушіге шағымды жазбаша түрде қалдыру ұсынылады.

Қоғамдық қабылдау отырысы 11 маусымда сағат 10-00-де өтеді, мекенжайы: Астана қаласы, Д.Қонаев көшесі, 8, «Зүбәржат орамы» БО, Б блогы, 26-қабат, «Түркістан» залы

Қоғамдық қабылдау отырысына қатысу үшін a.doschshiyeva@atameken.kz, auezkhan@eecommission.org электронды почтасы арқылы төлқұжат мәліметтерін көрсете отырып, алдын ала жазылу керек. Сонымен қатар телефон нөмірлеріне хабарласып, тіркелуге болады:

8 (7172) 919-373; 919-300 (ішкі нөмір 1730 немесе 1726);

+7 495 669 24 00 (ішкі нөмір 5425 немесе 5448).

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер