«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тимур Құлыбаев ШКО әкімдігі мен бизнестің ынтымақтастығы лайықты үлгі екенін атады

2017 жылғы 24 Қараша
7532 просмотров

«Атамекен» басшысы Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлерімен кездесті

Іс-сапар барысында Төралқа Төрағасы ең алдымен кәсіпкерлік ахуалды жақсарту үшін қолға алынған шаралар жайлы баяндады. Қолданыстағы заңанаманы гуманизациялау жұмысы атқарылды. Егер 2015 жылдың маусым айынан бастап 2016 жылдың маусымына дейінгі аралықта бизнесмендерге қатысты 7900 қылмыстық іс қозғалса, 2016-2017 жылдары – 1400 болған. Әкімшілік кодексте тәркілеу мен қамау баптары айыппұлмен алмастырылды.

«Мемлекеттік органдармен республикалық деңгейдегі жұмыс жақсы жүргізіліп отыр. Бақылау-қадағалау функцияларына талдау жасалды, олардың үштен бірі қысқарады. Түйткілді мәселелердің 2/3 шешімін тапты. Енді 150 жиі қайталанатын мәселе бар, оларды да шешу жолындамыз. Салық кодексіндегі түсініксіз түсіндірулер кәсіпкерлердің пайдасына шешіледі. Салық дауларын қаржы министрлігінің жанындағы аппеляциялық комиссия аясында шешуге болады. Жалпы, салық мәселелері бойынша өтінім екі есе қысқаруы керек. Қазір біз шағын және орта бизнестен түсетін салық өңірде қалу керек деген мәселені көтеріп отырмыз. Себебі әкімдіктер шағын және орта бизнестің қалай тіршілік ететініін, тиімді дамуына не қажет екенін жақсы біледі. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі мен Даниал Кенжетайұлының бизнесті қолдауға қатысты ұсыныстарын өте белсенді білдіріп отырғанын атап өткім келеді. Палата мен атқарушы органдардың ынтымақтастығы орныққан әрі нақты нәтиже ні беріп отыр», – деп атап өтті Ұлттық палатаның басшысы.

«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы бизнеске қызмет көсрету мерзімін қысқарту, айыппұлды азайту, кеден ісі бойынша тәркілеу алынып тастау қарастырылған кеден заңнамасын жетілдіру мәселесіне пікір білдірді.

«Бұл өңір шекараға жақын, сондықтан кеден заңнамасының да маңызы жоғары», – деді Тимур Құлыбаев.

Кездесу барысында бизнес үшін Үкімет құру бойынша жұмыс та айтылды. Мұндағы басты міндет – кәсіпкерлердің ыңғайлылығы үшін мемлекеттік қолдау бағдарламаларының санын цифрлық түрде оңтайландыру. «Атамекен» өзін-өзі реттеудің тиімді құралдарын қалыптастырып келеді. Бұл әкімшілік кедергілерді алып, бизнесті рұқсат беретін әрі бақылаудың ескі процедураларынан босатуға мүмкіндік береді.

Тимур Құлыбаев мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың сатып алуларындағы мәселелер әрдайым түйткілді болып келгенін еске салды. «Атамекен» сол мәселені шешу үшін айтарлықтай жұмыс атқарды. 2017 жыл – өзгеріске толы жыл, «Самұрық-Қазынамен» келісім жасалды. Аталған келісім бойынша Ұлттық палата өкілдері сатып алулар байқауына дәл отандық өндірушінің қатысуы үшін техникалық құжатың дайындалу кезеңіне атсалысатын болады.

«Мұның маңызы жоғары, себебі ұзақ мерзімді келісімшарттар өндірісті жаңғыртуға, тең дәрежеде бәсекелестікке мүмкіндік береді. Енді барлық квазимемлекеттік сектордың сатып алулар процесі отандық тауар, жұмыс, қызмет өндірушілері үшін ашық әрі қолжетерліктей болады. Заңнамада сатып алушылардың жұмысына қатаң жауапкершілік шаралары қарастырылады», – деп түсіндірді Тимур Құлыбаев.

Ол әрбір өңірде іске қосу үшін немесе жаңғыртуды қажет ететін өндіріс тізімін жасау керектігін және олардың әрқайсысына республикалық деңгейде қолдау көрсету керектігіне назар аударды. Өндіріс орындарын өңірлік карта бойынша банк пайызымен, мемлекет тарапынан субсидиялау мөлшерімен несие беру арқылы қолдау көрсету жайлы айтылды.

Шығыс Қазақстандағы колледж түлектерінің жұмысқа орналасуы елорда көрсеткішінен жоғары екенін атап өткен Ұлттық палатаның басшысы Тимур Құлыбаев өңірдегі кәсіпкерлер үшін маман дайындау жұмысына жоғары баға берді.  Сонымен қатар жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің біліктілігін көтеру мен қайта дайындауға мемлекеттен қаржыландыруды қарастыра отырып назар аудару керектігін атап өтті.

Сондай-ақ Ұлттық палатаның Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында атқарып отырған жұмысына тоқталды.

«Елбасы әлеуметтік жауапкершілік бойынша берген тапсырмасының аясында «Атамекенім» акциясын ұйымдастырды. Қайырымдылық жасағысы келген кәсіпкерлерге қай бағытқа қарай көңіл бөлу керектігін нұсқағымыз келеді. Қаражат көпшіліктің қажетіне қарай дәл жұмсалуы үшін Өңірлік кеңес әкімдікпен бірлесіп қай салаға қаржы бөлінуі керектігін анықтауына болады. Біз бұл жұмысты бірлесіп атқаруымыз керек», – деді Тимур Құлыбаев.

Тимур Құлыбаев жұмыс сапары барысында электр техникалық жабдықты жобалап, дайындаумен айналысатын «КЭМОНТ» АҚ кәсіпорнына барды. Сонымен қатар Құмаш Нұрғалиев атындағы колледжге де ат басын бұрды. Бұл облыстағы дуальді білім беру жүйесі енгізілген ірі оқу орны болып саналады.

Анықта ретінде:

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы – алынып тасталған әкімшілік кедергілер саны бойынша көш басында: 94 кедергіден 39 кедергі жойылды. Бұл бизнеске мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ай сайын жасалатын мониторинг нәтижесі. Мәселен, «салық төлеуші ретінде тіркелу» мемлекеттік қызмет бойынша бас тартулар нөлге теңелді.

Соңғы 4 жыл ішінде өңірдегі тексерулер саны 3,5 есе қысқарды (жылына 22 мыңнан 6 маңға дейін). Кәсіпкерлердің құқығын бұзғаны үшін 37 өкілетті қызметкер жауапкершілікке тартылды, олардың бірі қызметінен босатылды. Аталған мәселе бойынша «Атамекен» ұстанымы нақты: шенеуніктердің қызметтегі салғырттығы үшін жазалау қатаң болады. «Атамекен» түскен шағымдар саны мен жазаланған өкілетті қызметкерлер саны арасында теңгерімді талдау және нақты шараларды қолға алуды ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер