«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Атамекен» Кәсіпкерлер құқығын қорғау кеңесі мен Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл кеңесі біріктірілді

2017 жылғы 18 Қаңтар
9449 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов «Атамекен» ҚР ҰКП Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес құру туралы бұйрыққа қол қойды

Кеңес Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кеңес беру органы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына, ҰКП жарғысы мен Ұлттық палатаның ішкі құжаттарына сәйкес қызмет атқарады. 

Кеңес өз жұмысында ашықтық пен заңдылық қағидаттарын басшылыққа алады. Кеңес құрамына ҚР Парламентінің, мемелекеттік органдардың, аккредиттеуден өткен одақтар және өзге де коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, Ұлттық палатаның басшылық қызметіндегі азаматтар, ғалымдар, адвокаттар, сарапшылар, кәсіпкерлік субъектілері мен БАҚ өкілдері енуі мүмкін. 

Кеңес жұмысына Қазақстанның кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкілі, Басқарма басшысы, сондай-ақ, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма мүшелері араласа алады.

Кеңес кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау және қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді тез әрі жүйелі түрде шешу және елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу және оларды көпшілікке жариялау мақсатында құрылды.

Кеңестің басты мақсаттары: кәсіпкерлер құқығын және кәсіпкерлік қызметтің еркіндігін қорғау, кәсіпкерлер құқығын бұзған  тұлғалар мен лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуға қатысты мемлекеттік органдар мен мекемелерге ұсыныстар енгізу, мемлекеттік органдар мен ҰКП мүшелерінің қорғауына өтініштер даярлау және оларды жөнелту, тараптардың ресми іскерлік қатынас хаттарын жүргізу, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңеске ҰКП Басқарма Төрағасының кеңесшісі Қайырбек Сүлейменов төрағалық етеді.

Кеңес құрамына ҰКП Басқарма мүшелері, ҚР Парламент Мәжілісі депутаттары, Ұлттық палата, мемлекеттік органдар, қауымдастықтар, БАҚ  өкілдері, қоғам қайраткерлері мен блогерлер кіреді. 

Кеңес туралы Ережемен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер