«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Экспорттық орталық құрылады

2016 жылғы 28 Қараша
8426 просмотров

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ұлттық компанияның қызмет аясын кеңейтуді ұсынды

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ базасында сыртқы нарық талабына сай ауылшаруашылық өнімдерінің барлық желісін сатып алуға арналған бірыңғай экспорттық орталық құрылатын болды. Бұл туралы Мәжілістегі үкімет сағатында Премьер-министрдің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов хабарлады.

«Мақсатты түрде бағытталған экспорттық саясатқа келетін болсақ, Азық-түлік корпорациясын жекешелендірілетін компаниялар тізімінен шығарып тастады. Енді соның базасында біз экспорт орталығын құруды жоспарлап отырмыз. Осылайша, егер бүгінгі күнге дейін, Азық-түлік корпорациясы, негізінен, дәнді дақылдарды сатып алумен айналысса, енді ауылшаруашылық өнімдерінің сыртқы нарық талаптарына сай келетін барлық желісін жасаумен айналысатын болады», – деп атап өтті Асқар Мырзахметов.

Сонымен қатар, «компания нарықты жеке-дара билемейді», оның мақсаты – «экспорт арналарын құру» деп сендірді министр.

«Ары қарай тауар өндірушілер үшін де даңғыл жол ашылатын болады. Біз өзара қажетті қарым-қатынас орнатқымыз келеді. «KazNex Invest» ауылшаруашылық өнімдеріне экпорттық қолдау көрсетпек. «ҚазАгро» құрамында экпорттық келісімшарттар бойынша қаржылық агент қызметін атқаратын «ҚазАгроКепіл» секілді құрылым бар», – деп толықтырды министр.

Бұл ретте Мәжіліс депутаттары агроөнеркәсіп кешенін қолдауға бюджеттен бөлінетін қаржы тиімді жұмсалмай қала ма деп алаңдайды. «Бар болғаны 3 жылдың ішінде ауыл шаруашылығындағы субсидия көлемі 498,6 млрд теңгеге тең болды. Алайда, өкінішке қарай, көптеген мәселелер шешімін таппай отыр. Басты проблема – «Агробизнес-2020» бағдарламасын іске асыруда мемлекеттік органдар өз міндетін толық орындамай отыр және бөлінген қаражаттар тиімді жұмсалмайды», – деді Мәжілістің вице-спикері Владимир Божко.

Бұдан басқа, вице-спикер, соңғы 13 жылдағы астықтың орташа түсімі жөніндегі мәліметті келтірді. Владимир Божконың мәліметі бойынша, «астық ерекше мол болған үш жылды қоспағанда, бұл көрсеткіш өспеген. Мәселен, бидай, қара бидай, сұлы, арпа, тары, қарақұмықтың өсімі гектарына 11-12% деңгейінде қалып отыр».

«Тек қана жүгері, көкөніс және бақша дақылдарының өнімділігі артқан», – деді Владимир Божко.

Жанар Сердалина


Еншілес ұйымдар

Серіктестер