«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ресейден ауылшаруашылық өнімдерін әкелуді шектеді

2016 жылғы 25 Қазан
16213 просмотров

Владимирск облысында (РФ) аусыл ауруы таралғандықтан, Қазақстанда 25 қазаннан бастап Ресейден мал өнімдерін импорттауға шектеу енізілді

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы экономикалық ықпалдастық департаменті, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттаушылар мен тасымалдаушыларға, 2016 жылдың 20 қазаны күні Халықаралық эпизоотиялық бюро (ХЭБ) Ресей Федерациясы Владимирск облысы Вышманово ауылында аусыл ауруы (Foot and mouthdisease) тіркелгендігі туралы ресми хабарлама жасағандығын ескертеді.

Ауру таралған шаруашылықта 800-дей мал басы болса, соның 400-і сауын сиырлар екен. Аусыл вирусы табылған сиырлар бірден жойылады. 24 қазан күнгі жағдай бойынша, 100-ден астам ірі қара жойылған.

Мұндай жағдайлардағы әрекеттер жайы Халықаралық эпизоотиялық бюроның Құрлықтағы жануарлардың денсаулығы кодексіне сай реттелген.

Халықаралық эпизоотиялық бюроның Құрлықтағы жануарлардың денсаулығы туралы кодексінің 8.8.2-бабына сәйкес, аусылға қарсы егу жүргізілмейтін, аусылдың таралуына бейім аймақтарға қойылатын талаптардың бірі – аталған аймақта соңғы 12 айда ауру таралу жағдайларының болмауы.

Оның үстіне Владимирск облысына 2016 жылы аусылдан таза өңірлер қатарына енгізілгендігі туралы мәртебе берілген.

Сонымен қатар 2016 жылдың 24 қазаны күні Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ресей ауыл шарауашылығын қадағалау қызметіне жазбаша ескертпе жіберді. Онда орын алған эпизоотиялық жағдайға байланысты, 2016 жылдың 25 қазанынан бастап Қазақстан Республикасына жоғарыда аталған аймаққа енгізілген Ресей Федерациясы субъектілері аумағынан тасымалдауға шектеу қойылғаны туралы айтылған (Башқұрстан, Карелия, Коми, Марий Эл Республикасы, Мордовия, Саха (Якутия), Солтүстік Осетия — Алания, Татарстан, Удмурт Республикасы, Хакас Республикасы, Чуваш Республикасы, Қырым Автономиялы Республикасы, Камчатка өңірі, Красноярск өңірі, Пермс өңірі, Архангельск облысы, Белгород облысы, Брянск облысы, Владимирск облысы, Вологодск облысы, Воронеж облысы, Иванов облысы, Иркутск облысы, Калининград облысы, Калужск облысы, Кемеров облысы, Киров облысы, Кострома облысы, Курск облысы, Ленинград облысы, Липецк облысы, Магадан облысы, Москва облысы, Мурман облысы, Нижегородск облысы, Новгород облысы, Орловск облысы, Пензен облысы, Псковск облысы, Рязанс облысы, Сахалинск облысы, Свердловск облысы, Смоленск облысы, Тамбов облысы, Тверь облысы, Томск облысы, Тульск облысы, Ульяновск облысы, Ярославск облысы, Ненецк АО, Ханты-Мансийск АО, Ямало-Ненецк АО):

  • аусылға шалдыққыш жануарлар;
  • сиыр еті;
  • шошқа еті;
  • қой еті;
  • сүт және сүт өнімдері;
  • ХЭБ Кодексінде жазылған кеңестерге сай жылы өңдеуден өтпеген дайын өнімдер;
  • аусылға шалдыққыш малдарды сойғаннан кейін алынған тағамдық емес шикізаттар мен өнімдер;
  • оларды бағуда, союда, қайта өңдеуде, қолданылған құрал-жабдықтар, азықтары мен жануарларға арналған азықтық қоспалар;
  • жануарлардан немесе өсімдіктен жасалған жануарларға арналған тағамдар немесе тағамдық қоспалар.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық бөлімшелерге шектеу енгізілгені және ұйғарымды қатаң сақтау қажеттігі туралы жазбаша ескерту жасады.

ҚР ҰКП экономикалық ықпалдастық департаменті отандық ауыл шаруашылығы тауарларын импорттаушылар мен тасымалдаушылардың назарын 25 қазаннан бастап енгізілген Ресей Федерациясы аумағынан жоғарыда аталған тауарларды әкелуге қойылған шектеуге аудартуда.

Өз кезегінде Департамент аталған мәселе бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізіп, қызығушылық танытқан әлеуметке ағымдағы жағдайлар туралы хабарлап отырады.

Анықтама үшін:

Аусыл (лат. — Aphtaeepizooticae; ағылш. — Foot-and-Mouthdisease) – үй және жабайы ашатұяқты жануарлардың ауыр өтетін жоғары катногиозды вирустық ауруы. Безгекпен, ауыз қуысының шырышты қабығының, бас терісінің жүн өспеген жерлерінің, желінінің афтозды зақымдануымен, қимыл-қозғалыстың бұзылуымен сипатталады. Жас төлдерде  миокард пен қаңқа бұлшықеттері зақымданады. Кейде аусыл ауруына адам да шалдығады.

Аурудың алғашқы белгілері: жоғары температура, қалтырау, бас және бұлшықеттердің ауруы. Кейін дене мен шырышты қабықта жара пайда болады.

Адамға ауру малды баққанда жұғуы мүмкін. Вирус адамға шикі ет, сүт арқылы және денедегі, шырышты қабықтағы болмашы жара арқылы жұғады.

Қолайсыз бекеттердегі жеке алдын-алу шаралары: шикі етті,сүт пен сүт өнімдерін тұтынуға тыйым салу. Сүтті міндетті түрде қайнату және пастерлеу. Ауруға шалдыққан малдарды бағу кезінде абай болу қажет (қолды жуу және дезинфекциялау, арнайы киімдер кию: алжапқыш, қолқап, етік).

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ресей ауыл шаруашылығын қадағалау қызметіне жолдаған хаты

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелерге жолдаған хаты


Еншілес ұйымдар

Серіктестер