«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Азимут» - дұрыс бағыт

2015 жылғы 18 Қараша
- Ақмола облысы
11588 просмотров

Кәсіпкерлерді қолдау орталығының қызметкерлері берген консультация кәсіпкердің  көптен ойлап келген жоспарларын жүзеге асыруына мүмкіндік берді

Ақмола облысындағы Ақкөл қаласында жақында «Азимут» дүкені келушілерге есігін айқара ашты. Бүгінде сауда нүктелерін ашумен көпті таңқалдыра алмайсың. Алайда кәсіпкер Шолпан Баяхметова бірден бірнеше факторға бәс тіккен болатын. Біріншісі: бағаны 5-10% төмендету, отандық тауар өндірушілер шығаратын өткізілетін тауар сапасы мен сұрыпталымы, оған қоса сыпайы қызмет көрсету.

«Сұрыпталымдық желі тұтынушылық себеттің негізгі тауарларынан тұрады: ет-сүт өнімдері, күнбағыс майы және ақ май, түрлі жармалар, ұн, қант және т.б. Осының бәрін нарықтықтан төмен бағамен, ең алдымен таңдау жасай алуға тиіс тұтынушыға бағдарлана отырып сатамыз», - дейді бизнесвумен.

Шолпан Баяхметова аталмыш бизнеске жаңа келмеген, азық-түлік сату саласында үлкен тәжірибеге ие. Ритейлердің айтуынша, сауда нүктесін ұйымдастыра отырып, әлеуметтік мақсатты ғана басшылыққа алмаған. Тәжірибелі менеджер ретінде кәсіпкер жаңа дүкен үшін төмендетілген бағаның тегін жарнама екенін, халық арасында танымалдыққа ие болатынын әділетті түрде есептеп алған.

Аталмыш жобаны жүзеге асыруға Ақмола облысы Кәсіпкерлер палатасы Ақкөл филиалы да тікелей ат салысты. «Біз басынан аяғына дейін сүйемелдедік. Дүкен салу, құжат жинау процесінде туындайтын барлық мәселелерді Кәсіпкерлікті қолдау орталығының консультанттары өз мойындарына алды деуге болады», - дейді филиал директоры Марат Бекмағамбетов. Палата сарапшылары тіпті болашақ дүкен орнын таңдауға да көмектесті.

«Ақкөл ауданындағы Кәсіпкерлер палатасына, аталмыш жобаны жүзеге асыруға қатысқандарға мың алғыс. Олардың ісіне деген қарым-қатынасы, еңбегі мен табандылығы ойлаған ойымды жүзеге асыруға көмектесті», - деп ризашылықпен еске алды бизнесвумен.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер