«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Полисмендер бәсекеге қабілеттілікті жақтайды!

2015 жылғы 16 Маусым
8069 просмотров

Ішкі істер министрлігі еліміздегі бизнес-климатты жетілдіру бойынша нақты шаралар қолдануда

ҚР Ішкі істер министрлігі Дүниежүзілік экономикалық форум Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі көрсеткіштерін жақсарту үшін қолданған шаралар мемлекеттік қызметтерді лицензиялаумен және көрсетумен байланысты процедураларды оңтайландыру, автоматтандыру және электронды форматқа көшіру тұрғысынан бизнес-орта үшін жағдайды жетілдіруге мүмкіндік береді.

Бұл бюрократтық кедергілерді жер-жерлерде болдырмауға және қызмет ұсыну уақытын 6 сағаттан 2 сағатқа қысқартуға септеседі.

Сонымен қатар, Ішкі істер министрлігі ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірге мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары желісін кеңейту жөніндегі шаралар қолдануда.

Заңды және жеке тұлғалар белгі беруі бойынша қабылданатын шешімдердің заңдылығы мен негізділігін, сондай-ақ қылмыстық істі жылдам әрі толық тергеуді, не болмаса әкімшілік құқық бұзушылық бойынша материалдарды шешуді ведомстволық бақылау күшейтілді.

Сот органдарымен бірге кейін сотқа жолдауға электронды форматта әкімшілік іс жүргізу және қалыптастыруды жүзеге асыру жөніндегі жүйені енгізу жоспарланып отыр.

Бейнеконференция режимінде, сонымен қатар жоспарланған отырыстар туралы процесс қатысушыларына (жәбірленушілерге, құқық бұзушыларға) электронды түрде хабарлау режимінде сот отырыстарын өткізу мәселелері пысықталуда.

ІІМ жүйесі қоғам үшін біршама ашық болуы үшін нақты қадамдар жасалуда. Жұртшылықпен ашық әрекеттестік саясаты жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта интернет-ресурстар белсенді түрде қолданылуда. ІІМ ресми сайты қызмет жасайды. Онда нормативтік-құқықтық база, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету бойынша ақпарат, заңдар, бұйрықтар және көптеген басқа дүниелер орналастырылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер